19 қазанда Алматының екі ауданында суық су тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорны хабарлады.
«Алматы судың» хабарлауынша, Түрксіб ауданында 19 қазанда 09.00-ден 17.00-ге дейін 19-әскери қалашық пен СМУ тұрғын алабының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су өшіріледі.
Әуезов ауданында 19 қазанда 09.00-ден 19.00-ге дейін Мамыр-4, Мамыр-7, Достық шағын аудандарында Пригородная-Шаляпин, Яссауи-Паклиевский көшелері аумағында суық су беру уақытша тоқтатылады.
Енгізілген шектеулер сумен жабдықтау желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықты түсінуіңізді сұраймыз
, — делінген хабарламада.