Алматының Медеу және Түрксіб аудандарында ыстық су болмайды. Мұндай шектеулер қазандықтарды жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі, деп хабарлайды «Алматыжылужайэнерго» ЖШС.
Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен басқа да ғимараттарда мына көшелер мен тұрғын үй кешендері контурында ыстық су болмайды:
22 тамыз бен 26 тамыз аралығында мына көшелер шаршысында ыстық су өшіріледі:
Чехова – Физкультурная – Щербаков – Аймауытов.
15 тамыз бен 19 тамыз арасында мына көшелерде орналасқан ғимараттарда ыстық су болмайды:
- Монтин — Дулатов — Кассина — Талас көшелері шаршысы;
- Тәтібеков — Блок — Гурилев — Үш төбе көшелері шаршысы.
15 тамыз бен 9 қыркүйек арасында мына көшелер маңындағы үйлер мен ғимараттарда ыстық су өшіріледі:
- Казачка өзені көшелері;
- Құлжа тас жолы;
- Атырау-1 шағын ауданы.
Мұндай шектеулер қазандықтарды жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі,