9 тамызда Алматының кейбір ауданында орналасқан жеріне қарай суық су өшіріледі. Бұл туралы “Алматы су” МКК хабарлады.
9 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелер жиегінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су болмайды: Құрманғазы — Төлебаев — Гоголь — Назарбаев; Чайковский — Назарбаев — Гоголь — Құрманғазы,
делінген хабарламада.
Мұндай шектеулер технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары себебінен енгізіледі. Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралды.