Олардың орнында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу үшін 105 жер телімі тәркіленді. Олардың орнына әлеуметтік нысандар салынып, абаттандыру және көгаландыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ардақ Самамбетов айтты.
Келесі жобалар бойынша сатып алу аяқталды:
Абай даңғылындағы Яссауи көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі бөлікті тесу
Бостандық ауданында Гагарин даңғылының батысынан Левитан көшесінің оңтүстігіне дейін емхана құрылысы
Бостандық ауданы Ерменсай шағын ауданында балалар алаңын салу
Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшамауданындағы Тәжиева көшесінің бойында балалар алаңы мен спорт ғимараттарын тұрғызу
Алатау ауданы Шаңырақ-1 шағын ауданында кәріздік сорғы станциясының құрылысы (жеті нысан)
Наурызбай ауданы Құрамыс шағын ауданында су құбыры және кәріз жүйесінің құрылысы
Түрксіб ауданындағы Читинская көшесінде кәріздік сорғы станциясының құрылысы
Сондай-ақ, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі мен Сырғабеков көшесінің шығысынан 1,3 гектар жер телімі бөлінді. Ол жерде 500 келушіге арналған емхана мен балабақша салынады.
Әртүрлі құрылыстың салынуына жол бермеу мақсатында тарихи орталықтың шекарасы белгіленді, оның шегінде мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға және сатып алуға жататын 20 учаске анықталды. Олардың орнында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде төрт телім сатып алынды,
деді Самамбетов.