Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Алматының ЖЭО-лары толықтай газға ауысады
Экономика

Алматының ЖЭО-лары толықтай газға ауысады

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 03.11.2023
Обновлено 03.11.2023 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Энергетика министрі алматылықтарға қалалық электр станцияларын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы айтып берді

Жұма күні ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы халқымен есеп беру кездесуін өткізіп, онда электр стансаларын жаңғырту, отынмен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Қазіргі уақытта қаланың электр және жылу энергиясына қажеттілігін Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 (электр және жылу энергиясын өндіру), Қапшағай су электр станциясы, Каскад су электр станциясы (электр энергиясын өндіру) қамтамасыз етуде.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қалған қажеттіліктер негізінен «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС («АТКЭ» ЖШС) қазандықтарында және басқа да шағын жылу көздерінде өндіріледі.

Электр энергиясының жетіспеушілігі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын тасымалдау және тарату бойынша үлкен энергетикалық жүйе арқылы жабылады.
Осы үш ЖЭО-ның барлығында да қазіргі уақытта жаңғырту және газға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Алматы ЖЭО-1 ауыстыру жобасы жалпы қуаты 225 МВт дейін бу-газ қондырғыларын орнатумен станцияны кеңейтуді көздейді. Жобаны іске асыру 2025-2028 жылдарға жоспарланған.
Алматы ЖЭО-2-де қуаттылығы 557 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, станцияны жаңғырту және жаңа станция салу жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

Алматы ЖЭО-3-ті ауыстыру жобасы жалпы қуаты 545 МВт бу-газ қондырғыларын орнатумен станцияны кеңейтуді көздейді.

2026 жылдан бастап ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газға толық ауыстыру кезең-кезеңімен басталады.

Министрдің айтуынша, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ны газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚазақГаз» бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр: Қазақстан-Қытай және Алматы-Байсерке-Талғар магистральдық газ құбырлары арасындағы ТИП-04 көпірінің құрылысы;

ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін АГРС құрылысы.

Бұл жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, газ құбырларына арналған жер телімдерін қайтару аяқталғаннан кейін Алматы – Байсерке – Талғар газ құбырының 2-ші желісінің құрылысын бастау жоспарлануда.
Жер телімдерін қайтаруға 11,6 млрд-қа жуық қаражат қажет, оны Үкімет резервінен бөлу жоспарлануда.

Алматыға сапары барысында Энергетика министрлігінің басшысы Алматы ЖЭО-2, «Орбита» ауданы қазандығындағы жылу беру кезеңімен де танысып, азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

ТЕГи: Алматы, Қазақстан
Арман Ерғалиев 03.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?