Әлеуметтік желіге шолу

Қалталы күйеу: Қыздар неге бай жігітті таңдайды?

Бұл – өмір шындығы. Көшеде кетіп бара жатқан болашақта қалыңдық болатын кез-келген қыздан сұрасаң, қандай жігітке күйеуге шығуды қалайсың деп, бірінші кезекте – ақылды, бай, көрікті болса екен деп жауап береді.

Болашақ жарым ақылды, мейірімді, жалқау емес, адамгершілігі мол болса екен деген кыздар уақыт өте келе, тағдырдың түрлі бұралаңдарынан өткен кезде ғана түсінеді.

Ендеше миллионер жігітке тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға миллионердің әйелінің өмірінен аздаған мысал келтіргім келеді, деп жазды Abdulla_kz ақпараттық парақшасы.

Әрине, ақшасы бар жігіттің барлығы жаман емес екенінде де ескеріңіз. Егер күйеуі бақуатты болса, әйелі содан міндетті түрде таяқ жеп зардап шегеді деген ойдан аулақ болыңыз. Қаншама адам болса – сонша түрлі өмір бар.

Оқырман жігіттің пікірі:

Тең – теңімен, тезек – қабымен.

Сондықтан байлыққа қызыға бермеу керек. Әрине, ақшаң болғаны жақсы. Егер орташа отбасынан шыққан қыз ақшалы жігітке тұрмысқа шықса, құда-құдағилар арасында онша сыйластық болмайды. Түсінікті жағдай.

Ал жігіт байдың қызын алса, сол үйге күшік күйеу болады. Сондықтан әркім өз жағдайымен тең отбасымен құда болса, сонда ғана жақсы болатын сияқты. Сол кезде құда да, құдағи да тыныш.

Ал ақша мен байлық керек болса, оны бірлесіп жасау керек. Бірлесіп жасаған байлықтың берекесі болады. Дайын асқа тік қасық болып, байдың баласына тиемін, байдың қызын алсам деп армандауға өз басым келіспеймін.

Оқырман қыз пікірі:

Егер қарапайым қазақ жігітінің бастық әкесі, алып бара жатқан байлығы, көп ақшасы болмаса да, өз-өзіне сенімді болып,  басын тік ұстап, сүміреймей, жігерленсе бәрі болады. Ең бастысы – жігіттің ішкі жан-дүниесі мен өзіне деген сенімділігі. Соған мән беріңдер, қыздар! Егер жігіт өз-өзіне сенімді болса, ақшасы бар ма, жоқ па деген сұрақ тумайды.

Егер қалталы жігіт іздесеңіздер, мінезі жақсы болса, өзі жетістікке жеткен жігітке күйеуге тию керек. Өйткені, туысының ақшасы болса, ерте ме кеш пе бағаламай оның бәрін жоғалтатын болады. Ал өзі еңбек етіп, жетістікке жететін болса, сені міндетті түрде жетістікке жеткізеді. Сен өте бай, бақуатты, бақытты әйел боласың,

деді психолог.

Сіз не дейсіз?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago