Алтын бағасы құлдырай бастады, деп жазды Inbusiness.kz.
Бұған себеп — АҚШ-тың Федеральдық резервтік жүйесі (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемелерінің күрт көтерілгендіктен АҚШ доллары индексі мен АҚШ қазынашылық кірістілігін арттыруы.
Өткен аптада ФРЖ басшысы Джером Пауэлдің орталық банк әлемдегі ақша-несие саясатын қатаңдату циклін бәсеңдетуге ниеті жоқ деп ескертуі бағалы метал бағасына қатты әсер етті.
Бұл ретте алтын бағасының бесінші ай қатарынан төмендеуі алтын қорлары бар елдерге әсер етіп, инвесторлардың бағалы металға деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін.
Айта кететіні, ҚР Ұлттық банкінің кейінгі мәліметі бойынша, шілдеде елдің алтындағы қорының көлемі 21,1 млрд доллар болды. Демек бір айда оның бағасы 5,84%-ке, ал жыл басынан бері 10%-ке төмендеді.