Categories: Ғылым

Ғалымдар бұлшықет массасын өсіретін генді тапты

Жаңа жұмыстың авторлары бұлшықет массасын өсіруге көмектесетін генді тапты. Ол физикалық жаттығулармен белсендіріледі.

Мельбурн және Копенгаген университеттерінің зерттеушілері әртүрлі жаттығуларға дейін, кезінде және одан кейін бұлшықеттердегі молекулалық реакцияларды зерттеді.

Зерттеушілердің айтуынша, олар тіпті жаттығуларсыз емдеудің балама әдістерін ашуға көмектесетін ген тапты.

Әр түрлі жаттығулар кезінде және одан кейін гендер мен ақуыздардың қалай белсендірілгенін анықтау үшін авторлар әртүрлі жаттығулар кезінде адамның қаңқа бұлшықеттерін талдады, дейді зерттеудің жетекші авторы доктор Бенджамин Паркер.

Команда әр түрлі жаттығулардан кейін бұлшықеттердегі сигнал реакцияларының қалай өзгергенін, сондай-ақ әртүрлі адамдарда бұл өзгерістердің қаншалықты дәйекті болғанын талдады.

Осыған сүйене отырып, олар бұрын есепке алынбаған C18ORF25 генін анықтады. Ол бәрінен де жиі іске қосылып отырған.

Оның жұмысын тексеру үшін команда осы генсіз тышқандарды жасап шығарған. Нәтижесінде оларда бұлшықет талшықтары жетіспеген. Бұл бұлшықеттердің әлсіреуіне және физикалық көрсеткіштердің төмендеуіне әкелді. Және, керісінше, осы геннің белсенділігін арттырған кезде жануарлардың бұлшықеттері күшейе түскен.

Бұл зерттеу жұмысы бұлшықет атрофиясымен күресуге, созылмалы аурулардың, соның ішінде қант диабеті, жүрек-тамыр аурулары және көптеген қатерлі ісік ауруларының алдын алуға және емдеуге көмектеседі дейді авторлар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago