Қазақстанда 7 облыс прокуроры тағайындалды

Бас прокурор мемлекет басшысының келісімімен бірнеше облыс прокурорын тағайындады. Бұл туралы Бас прокуратура сайты жазды.

Жарқынбек Бақашбаев

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Бақашбаев болды.

Жарқынбек Бақашбаев еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған.

Басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Арыс қаласының ауданаралық прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларының прокуроры, Қызылорда, Ақмола облыстары, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаменті және Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болған.

2019 жылдан бастап Бас прокуратураның 2-қызмет бастығы лауазымын атқарды. Прокуратура органдарындағы тәжірибесі 35 жылдан асады.

Ерлан Абаев

Жаңадан құрылған Абай облысы прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Абаев басқарады.

Ерлан Абаев прокуратура органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. Павлодар облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, осы облыстың Ертіс, Успен аудандарының және Павлодар қаласының прокуроры, Астана қаласының ҚСжАЕК басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2016-2018 жылдары Бас прокуратураның департамент бастығының орынбасары, департамент бастығы лауазымдарын атқарды. 2018 жылғы шілдеден бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 30 жыл.

Мадияр Басшыбаев

Аға әділет кеңесшісі Мадияр Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында басқарма прокуроры лауазымымен бастаған.

Одан кейін Ақтөбе облысы мен Алматы қаласының прокуратураларында құрылымдық бөлімшелерді басқарды. Медеу, Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы, Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары болды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары ретінде қызмет атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 20 жыл.

Серік Шалабаев

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серік Шалабаев тағайындалды.

Серік Шалабаев прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызмет жолын Ақтау қаласы прокуратурасында тағылымгер ретінде бастаған.

Тергеу жұмысында және МТК-де тәжірибесі мол. Өңірлік деңгейде және орталық аппаратта да бірқатар басшылық лауазымды атқарды. Бас әскери прокурордың орынбасары, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары, Бас Прокурордың аппаратындағы Басқарма басшысы, Бас прокуратураның департамент басшысы орынбасары, Құқық қорғау органдары академиясының проректоры болған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметін басқарды. Құқық қорғау органдарындағы 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Халидулла Дәуешов

Ақтөбе облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Дәуешов басқарады.

Халидулла Дәуешов прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Гурьев облысы Гурьев қаласы прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. Атырау облысының прокуратурасы мен Орталық аппаратында жұмыс істеді.

2002-2019 жылдары Орал қаласының, Атырау облысының Жылыой және Мақат аудандарының прокуроры, Атырау қаласының прокуроры, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Қызылорда облысының прокуроры қызметтерін атқарды.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасын басқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 31 жыл.

Тимур Сүлейменов

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Сүлейменов Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Тимур Сүлейменов қызметін 1997 жылы Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының құқықтық статистика жөніндегі көмекшісі ретінде бастаған.

Алматы қаласының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. Оның ішінде Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы және елорда прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Қостанай облысының прокуратурасын және құқық қорғау органдары академиясын басқарды.

Прокуратура органдарында 24 жылдан астам еңбек етіп келеді.

Руфат Құттықов

Маңғыстау облысы прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Құттықов тағайындалды.

Руфат Құттұқов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Одан кейін Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасын, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуратурасын және Атырау қаласы прокуратурасын басқарды.

2018-2020 жылдары Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2020 жылдан бастап Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментін басқарды.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 22 жылдан астам.

Бауыржан Жұмақанов

Бауыржан Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысындағы құқықтық статистика органдарында бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, прокуроры, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасындағы Бас прокурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған.

Бұған дейін Атырау облысы прокурорының орынбасары болды. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago