Фото: Polisia.kz
Ұландық жауынгерлер туралы жаңа көркем фильм қазақстандық көрерменге жол тартады. Фильмге Санжар Мәди, Дәурен Серғазин және Асылхан Төлепов сияқты танымал актерлар мен, әнші Ғалымжан Молданазар түсіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алматы облысында ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы “Бүркіт” деген толықметражды көркем фильм түсіріліп жатыр. Бұл – Ұлттық ұлан туралы отандық “АЮ Синема” кинокомпаниясы түсіріп жатқан үшінші әскери фильм.
Фильмнің қоюшы режиссеры – Қазақстан кинематографиясында “Алтыншы бекет” және “Қазбат” әскери кинокартиналарының бас продюсері ретінде танымал болған Данияр Ибрагимов. Бұл — оның режиссер ретіндегі дебюті.
Әскери сахналардың продюсерлік жұмысы арнайы күштердің ардагері, күрең берет иегері және жауынгерлік офицер Камал Жақсылықовқа жүктелген. Екінші продюсер – Ілияс Етекбаев, ал желілік продюсері — жауынгерлік іс-қимылдар ардагері Сабыржан Сүлейменов. Фильмнің кинооператоры – “Бойдақ”, “Махаббат әрқашан менің жүрегімде”, “Күләш” және т.б. картиналарды түсірген Азамат Дулатов.
Басты рольдерде танымал актерлер Санжар Мәди, Дәурен Серғазин және Асылхан Төлепов ойнайды. Фильмдетанымал әнші және музыкант Ғалымжан Молданазар да бой көрсетеді. Картинаның түсірілімі 30 қыркүйекте басталды.
Фильм көбіне Іле-Алатау Ұлттық паркінің көркем жерлерінде және Іле өзенінің жағасында түсіріліп жатыр. Оған қоса, Алматы мен Қонаев қалаларында да күрделі-қойылымдық түсірілімдер жоспарланып отыр.
Туынды шынайы оқиғаларға негізделген. Сценарий арнайы күштердің символы – күрең беретті кию құқығын алу үшін қиын да күрделі сынақтардан өткен үш кейіпкердің өмірінен жазылған. Фильмнің сюжеті жедел-іздестіру іс-шараларына, нақты оқиғаларға қатысқан кейіпкерлер туралы болмақ. Фильм авторларының мақсаты – Ұлттық ұлан арнайы жасақ қызметі арқылы Қазақстанның басқа да күштік құрылымдарындағы осындай бөлімшелер туралы баяндау.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…