Желіде опреатор, продюсер Азамат Дулатовтың сауда үйлерінің бірінде төбелескен видеосы тарады.
Сол жақтағысы (жасыл күрте — ред.) — «Келинка Сабина», Құдалар», «Побег из аула» сияқты Нұртас Адамбаймен бірге басқа да картина түсірген оператор, продюсер Азамат Дулатов.
Кеше Дулатов мырза Алматының сауда үйлерінің бірінде балалар ойын-сауық орталығында төбелес шығарды. Әуелі оның әйелі жанжалдасты, сосын ол Азаматты бәрін жазаласын деп ертіп келген. Видеодан көрініп тұрғандай, Дулатов әкімшіні бірінші ұрған, оған Каспи терминалын лақтырды. Сосын батылдықпен кері шегініп, әйелінің артына тығылды. Оператор қазір камера кино түсіретіндерде ғана емес, барлық жерде бар екенін ұмытқан сияқты,
деп жазады Kozachkov offside Telegram-каналы.
Балалар орталығындағы жанжал Азамат Дулатовтың әйелі баларымен бірге өз тамағын алып кіргеннен басталған. Олар фастфуд сатып алып, соны жеуге рұқсат сұраған. Орталық әкімшілігі рұқсат берген.
Бірақ әйел өзінен кейін жинағысы келмей, ұрыс шығара бастаған. Сосын тамақ қалдықтарын үстелге, еденге тастап жіберген. Кейін күйеуін ертіп әкелді,
деп жазды Kozachkov offside каналы.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл деректі тексеріп жатыр. Тексеруді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қолға алған.
Екі тарап та полицияға арызданды. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды,
делінген Polisia.kz Telegram-каналында.
Материал ҚР ӘҚбК-нің 73-1 бабы бойынша тіркелді.