Көрісу күні — бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Жыл сайын 14-наурыз «Көрісу күні» деп аталып өтіледі. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.
«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді.
Бүгін ел тұрғындары, әсіресе еліміздің батыс өңірінде Наурыз мерекесінің алғашқы күні – Көрісу күнін атап өтеді. Бұл күні әдетте адамдар алыс-жақын туыстарына, көрші-қолаңмен сәлемдесіп шығады. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін, барлық өкпе-ренішін кешіретін күні.
Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.
