Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева жол-көлік оқиғасына кінәлі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 2 шілдеде Бұқар Жырау ауданында Ботақара – Доскей тас жолында болған.
33 жастағы әйел көлік жүргізіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан малды соқты. Кейін жүргізуші рульді басқара алмай, 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар мінген мотоциклмен соқтығысқан
Жасөспірімдер ауруханаға жатқызылды.
Amanat партиясының баспасөз қызметі көлікті аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева басқарғанын растады.