Amanat партиясының XXIV съезінде партия президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Съезд басында Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Amanat партиясының міндеті және біздің тарихи жауапкершілігіміз – барша қазақстандықты президенттің озық реформалары төңірегіне топтастыру,
деді Ерлан Қошанов.
Талқылау қорытындысы бойынша партия мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Партияның XXIV съезінің шешімімен Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы бірауыздан ұсынылды,
деді Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов.
Айта кетейік, Астанада Amanat партиясының 24-съезі өтіп жатыр.