«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта беріледі екен, деген жаңалықты оқып алған блогер Руслан Түсіпбеков бұлқан-талқан боп жатыр.
Егер мынау рас болса,
біткен екенбіз дейді ол.
- Бұл біздің билігіміздің әлі де ескі, советтік нарративтерді пайдаланатынын білдіреді.
- Бұл – мемлекеттің өнер мен спорт саласына белсенді араласуы.
Мемлекетке бұл әлем алдында өзінің жүйесін насихаттау үшін керек. Мұндай нәрсе тек қана тоталитарлық елдерде жасалатынын айтып қайтеміз? Фашистік Германия мен КСРО сөйткен, қазіргі Қытай сөйтеді.
Нәтижесінде ондай елдерде не шынайы өнер жоқ, не реалды бұқаралық спорт жоқ. Өйткені олар үшін ең бастысы – қалай да нәтижеге қол жеткізу. Былайша айтқанда, көзбояушылық үшін жұмыс.
Ал дені дұрыс елдерде өнер, спорт, кино мен басқа салалардың бәрі тек қана жекеменшікте. Мемлекет өзінің лас қолымен ол салаларға ешқашан араласпайды.
Мысалы, Америкада «АҚШ халық әртісі» деген атақ жоқ, бірақ Американың поп-өнері бүкіл әлемге үлгі болып тұр. Оларда жазушылар одағы сияқты біздегідей қаптаған одақтар жоқ. Бірақ жазушылары, суретшілері мен спортшылары әлем бойынша ең үздік.
Біз кеше екі сөздің басын құрай алмайтын бір «спортикті» анау-мынау емес, білдей депутат қылып тағайындадық.
Ең қорқыныштысы, біз қазір советтік дәуірге, архаика мен тоталитаризмге қарай құлдырап бара жатырмыз. Соңғы уақыттағы жаңалықтардың бәрі осыны аңғартуда,
деген екен ол.