Америкалық хоккейші Адам Джонсонның тамағын матч кезінде коньки тіліп кетіп, мұз үстінде мерт болды. Бұл туралы CNN басылымы хабарлайды.
Ағылшынның «Ноттингем Пантерз» клубы құрамында сенбі күні матчқа қатысқан Джонсон матчтың екінші кезеңінде қарсылас команда ойыншысымен соқтығысып қалып, мойны жараланған.
«Шеффилд Стилерске» қарсы ойын 35-ші минутта тоқтатылды, себебі 29 жастағы америкалық медицина қызметкерлерінің жедел көмегіне мұқтаж еді.
Жанкүйерлерден Шеффилдтегі аренаны босатуды сұрады. BBC Sport хабарлауынша, залда 8000 көрермен болған.
Джонсонның командаластары оны «дарынды хоккейші болды» деп сипаттап, қайғыдан қан жұтып отырғандарын мәлім етті.
— «Ноттингем Пантерз» кеше кешке Шеффилдтегі ойында қайғылы оқиға салдарынан Адам Джонсон қаза тапқанына қайғырып отыр, — деп мәлімдеді команда жексенбі күні.
«Ноттингем Пантерз» Англия жоғарғы лигасында, Элиталы хоккей лигасында ойнайды. Олар кеше жексенбіге жоспарланған ойынның бәрі кейінгі шегерілгенін хабарлады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…