Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Ана тіліміз мазақтан қашан құтылады?
Қоғам

Ана тіліміз мазақтан қашан құтылады?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 12.12.2022
Обновлено 12.12.2022 в 10:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазақ тіліне қатысты тағы да шу шықты. Негізі бұл мәселе Қазақстанда жиі көтеріліп тұрады. Бұл жолы ZARA желісінде болған оқиғаны тарқатайық.

Блогер Құралай Раисова киім-кешек сататын ZARA желісінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Алайда сауда желісінің сатушысының бірі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, дөрекі сөйлеп, дауласып қалған.

Намысым жер, жігерім құм болды. Достық плаза сауда үйіндегі Зара дүкенінің балалар бөлімінде қазақша жауап сұрағанымыз үшін, өз жерімізде өз тілімізде сөйлегеніміз үшін жазықты болдық. Кәріс баланы қазақ екен деп, «қазақша айта бер» деп қалдық, әңгіме содан басталды. «Мне удобно на русском» дейді әлгі жігіт. «Енді бізге қазақша ыңғайлы, сіз түсініп тұрсыз ғой, айта салмайсыз ба, қанша болды?» десек, «Мне так удобно» дейді. Онда тіл білетін адамды шақыр дедік. Сол жердің администраторы мына қыз екен, ол кеп өзімізге тап берді, «Неге қазақша жауап бер деп сұрайсыздар, ол басқа ұлт, біз международная  компаниямыз, сотрудниктеріміз қай тілде сөйлеуді өзі біледі»дейді…»

деп жазды Құралай Раисова.
әлеуметтік желіден алынған

Блогер «ең жаманы, біздің құқымызды қорғайтын, сөзімізді сөйлейтін ешкім жоғын түсініп, өзімізді жетім сезініп шықтық» дейді.

Біз администратор кассиріне бірдеңе түсіндіре ме десек, жоқ, бұл қыз өзімізге ұрыспақшы әлгі жерде. Өзіңнен үлкенірек бастық бар ма, айналайын, деп едік, енді охранниктер келді. Оларға да «қайтеді енді ол кәріс, ему удобно на русском» деп қарап тұр. Тіпті дүкенде қазақша сөйлей алмасақ, қайда барып сөйлейміз? Қашан сөйлеміз? Тек отбасы, ошақ қасында ма? Бүйте берсек, қазақ тілі «кедейлер тілі», «домашний тәпішке» деген мазақтан қашан құтылады?!

дейді блогер.            

Блогер менің тілімді құрметтемеген адамға сызылып мәдениет сақтар жайым жоқ дейді. Осы видеоны бөлісіңіздерші, бәлкім үніміз жетер, бәлкім қазақ аудиториясынан кешірім сұрар деген үмітін жеткізді.

Бұдан бұрын Chocolife басшысы Рамиль Мухоряпов орыс тілін білетін қазақстандық арнайы қазақша жауап берсе, бұл «ұлтшылдықтың көрінісі» екенін айтқан еді. Осыдан кейін бірден оның үстінен сындар жауып, желі қолданушылары қосымшаны өшіре бастады.

Артынша кәсіпкер қазақ тілі туралы айтқан даулы мәлімдемесінен соң өзі басқаратын Chocolife қосымшасына қазақ тілін енгізіп, жанталасқан. Бұған қоса видеожазба жазып, халықтан кешірім де сұрады. Кейін кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп ақпарат тарағанымен, құқық қорғау органдары кейін оның ісі жайлы еш ақпарат таратпады.

ТЕГи: Главное, Қазақ тілі, Қазақстан
Сая Манарбековна 12.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?