«Анам естігенде қатты жылады»: Әсел Асқар бала күнінде зорлыққа ұшырағанын айтты

Белгілі блогер Әсел Асқар журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, өз өміріндегі қиын кезеңдерге тоқталды. Жақында сәбиінен айырылған ана өзінің бала күнінде бірнеше рет зорлыққа ұшырағанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен бала күнімде мұны бастан өткердім. Зорлау да, басқасы да болды. Мұны ойламауға тырысамын. Бірақ кейін есіңе түскенде: «Шынымен менің басымнан өтті ме?» деп ойлайсың. Бұл жағдайдың бәрін анама 25-26 жасқа келгенде ғана айттым. Ол мұны естігенде қатты жылады. Өкінішке қарай, бұл жағдайды бала кезімде, 4-5 жасымда өткердім.

Әлі есімде, балабақшада ойнап жүрдік. Бақшаның қақпасы үлкен болатын, біз қақпаның қасында кішкентай ғана болып көрінетін едік. Сол кезде балабақша қақпасы айқара ашық тұрды да, бір ер адам мені өзіне шақырды. Мен жүгіріп бардым. Бәрі көз алдымда, бұталардың арасына кірдік. Мен мұны ешкімге айта алмадым. Кім сенеді маған ол кезде?

«Мұның бәрі неге менің басымда болды деп талай сөктім өзімді. Өзімді қатты кінәлаған кездерім де болды. Мүмкін, мен сондай жарқын қыз болған шығармын. Бала кезімде анама көйлек алғызбай, тек шалбар мен кроссовки киіп жүруга бел будым. Мен үшін бәрі қатты қорқынышты болды», — деді Әсел Асқар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago