Categories: Саясат

Болашақ Африкада! Ресей пропагандасы қуып кетті

Өкінішке қарай, орыс пропогандасы бізде емін-еркін насихат жүргізіп жатыр, дейді журналист Нұргелді Әбдіғани.

Ол кеше кешкісін күн ұзақ кездесулерден соң шаршап келіп, жатып алып Соловьевті тыңдапты. «Осы неме не дейді екен» деп.

Сондағы қысқаша мазмұны:

  • Біз кереметпіз, қару-жарағымыз әлемде ең үздік;
  • АҚШ, Германия, Франция, Батыс т.б. оңбағандар;
  • Украина билігін жауыздар жаулап алған;
  • Киев түгілі Берлинді аламыз;
  • Балтық елдерін жаулап алуымыз керек;
  • Байден оңбаған, Зеленский оңбаған, Щолц оңбаған, Макрон оңбаған, Науседе оңбаған, Путин мен орыс саяси элитасынан басқаның бәрі оңбаған.
  • Қазақстан мен ОА екіжақты ойын ойнап отыр. Оларға сенім жоқ;
  • Жалғыз Лукашенко Ресей деп шыр-пыр боп жүр;
  • Болашақ Африкада;
  • Ресей тарихтан жеңімпаз. Бұл соғыста да жеңілуі мүмкін емес;
  • Ядролық қаруымыз бар. Оның да қолданылатын күні туады;
  • Батыс ақпараты кілең пропогандистер, сауатсыздар т.б.

Құдды ертегі тыңдап жатқандай болдым. Көзім ілініп кетіпті. Бір уақта Соловьев пен Кедми деген жебірей айқайласып жатыр екен. Содан оянып кеттім. Сөйтсем, әлгі екеуі:

  • Ресей ұлы держава!
  • Жоқ, Ресей ұлы империя! – деп айтысып жатыр екен.

Осындай насихат күн сайын экранда жүріп жатыр. Содан кеп біз Әбілдаевтарға өкпелейміз. Мынадай пропогандаға миы уланған адамдар бізде өте көп екеніне күмәнім жоқ. Қауіп еткеннен айтамыз! Роспропагандаға тыйым салыну керек. Бұл арналар соғысқа үндеп жатыр,

дейді пост авторы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

8 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago