Categories: Денсаулық

«Анамды алты жасыма дейін емдім»: 92 жастағы ғалым ұзақ жасаудың сырымен бөлісті

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында ұзақ жасаудың сырымен бөлісті.

«Ұзақ өмір сүру пендеге Құдайдан берілетін тылсым дүние ғой. Ал денсаулықты күту – өмір сапасын жақсартудың кепілі. Мен анамды алты жасыма дейін емген адаммын. Балалармен ойнап жүріп, шешемді көріп қалсам, омырауына жабыса кететінмін. Бірге ойнаған достарым бұл үшін мені әжуалағанда «сендерге көрсетемін» деп жұдырығымды түйсем жым болатын. Анамның ақ сүтінің арқасында шымыр әрі күшті болып өстім. Әр нәрсені қалыптап берген халқымыз «уызға жарымаған» деген сөзді тегін айтпаса керек. Баланы емшектен ерте шығармай, мейірі қанғанша емізу денсаулығының мықты болуына зор ықпал ететінін түсінуіміз керек»,

деп жазды ғалым.

Айта кетейік, Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда дүниеге келген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago