«Анамның жаназасын шығаруым керек»: Анасымен бірге үйінді астында қалған қыздың сөзі жұртты жылатты

Түркияның Кахраманмараш қаласы, Эльбистан ауданында құтқарылған тұрғынның сөздері жалпақ жұртты жылатты.

Жер сілкінісінен 123 сағат өткенде үйінді астынан шығарылған қыздың есімі — Мелиса. 23 жаста. Құтқарушылар анасы екеуін бірге тапты. Анасы өлі күйінде, өзі тірі табылды.

Менисаның құтқарушыларды көре сала айтқан алғашқы сөзі әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды “CNN Turk” агенттігі.

Мелиса анасымен еріп, сауда дүкеніне барған. Сол сәтте жер сілкінеді. Анасы мен Мелисаны сауда дүкенінің  қабырғалары басып қалған.

Өкінішке қарай, анасы қызының көзінше, сол жерде, қабырғалар құлағанда ажал құшқан.

Жер толқығанда қатты шошынған 23 жасар Мелисаның көңілігдегі ауыр дерті көпшіліктің көзіне жас үйірді. Ол құтқарушы келген сәтте:

Күртешемді сіздерге бере алмаймын. Қалтасында телефоным бар. Әкем де, ағам да бұл жерде емес (Анасының сүйегі жанында жатыр). Анамның өлімін естірту үшін әкем мен ағама қоңырау шалуым керек, оларды анамның жаназасына шақыруым керек,

деп жауап береді.

Оның бұл сөзі көрермендерге қатты әсер етті. Мелиса әкесінің нөмірін білмейтіндігін, есінде қалмағанын да айтады. Мелиса тек жанында мәйіті жатқан анасының жаназасын шығаруды ғана ойлаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago