Үндістандағы ата-аналар нәрестені iPhone сатып алу үшін сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үндістан полициясы сегіз айлық ұлын сатты деп айыпталған әйелді тұтқындады. Ол күйеуімен бірге осындай қадамға iPhone 14 алу үшін және Instagram-ға видео түсіру үшін барған.
Айыпталушылар Сати мен Джеди кедейлікте өмір сүрген және әлеуметтік желілерге құмар болған. Бірде көршілері ерлі-зайыптылардың ұлы үйден көрінбейтінін және отбасында iPhone смартфонының пайда болғанын байқаған. Осыны айтып полицияға хабарлаған. Бетпе-бет кездесуде анасы баланы гаджет сатып алу үшін, штаттар бойынша саяхаттау үшін және Instagram парақшасына контент салу үшін сатқанын мойындады. Ерлі-зайыптылар жеті жасар қызын да сатуды жоспарлағаны анықталды.
Құқық қорғау органдары сегіз айлық баланы сатып алған Приянка Гхошты да ұстады, ал нәрестені сатуға қатысқан айыпталушының күйеуіне іздеу жарияланды.