Қазақстандық деректі фильм режиссеры Қанат Бейсекеевтің Youtube-каналында Абай облысындағы өрт жайлы репортаж шықты.
Репортаж «Орман жанып жатыр» деп аталады.
8 маусымда Абай облысында өрт басталып, 60 мың гектарға тарады. Өрт 14 маусымда ғана оқшауланды. «Семей орманы» РМК Новошульба филиалының 14 қызметкері, сондай-ақ жергілікті тракторшы қаза тапты.
Біздің оқиға орнынан репортажымыз 12 маусымда, өрт басталғаннан кейінгі төртінші күні, Жалпыұлттық аза тұту күні басталады. Біз үйлерін тастап кеткен адамдармен, еріктілермен, құтқарушылармен сөйлесеміз. Көбісі құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін базалық жағдайлардың жоқтығына шағымданады. Тұрғындар өрт сөндірушілердің нашар жұмыс жағдайларын жергілікті шенеуніктердің өмірімен салыстырып жатқанда, билік кінәлілерді іздей бастады,
деп жазды Қанат әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Орман жанып жатыр» фильмін сілтеме арқылы көруге болады.
Репортажда жұмыс істеген авторлар Абай облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.
