Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыға түзету енгізді.
Енді қандастарды қоныстандыратын өңірлер тізіміне Абай және Ұлытау облысы қосылды:
Атап айтқанда:
- Ақмола облысы.
- Атырау облысы.
- Шығыс Қазақстан облысы.
- Батыс Қазақстан облысы.
- Қостанай облысы.
- Павлодар облысы.
- Солтүстік Қазақстан облысы.
- Абай облысы.
- Ұлытау облысы.
Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтарда қабылданды. Жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.