Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстан теннисшісі бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып ойнады. Олар екінші айналымда жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Ена Шибахара — қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен ғана көзге түсті.
Енді Қазақстандық-бразилиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.
Еске салайық, Елена Рыбакина осы турнирдің алғаш рет Цинциннати турнирінің ширек финалына шыққаны хабарланған еді.