Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.
Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болды.
Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді,
делінген хабарламада.
Бақыт Сұлтанов 2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі болды.
2018-2022 жылдары Астана әкімі, Сауда және интеграция министрі, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарды. Ал биыл бұл соңғы қызметтерінен босатылды.
Бақыт Сұлтанов 14 шілдеде қант тапшылығы мен оны сатудағы дүрбелең үшін президенттен сөгіс алған еді.