Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының 120 миллион долларға бағаланған активтері шетелден Қазақстанға қайтарылды.
Желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдының жалпы сомасы 120 млн АҚШдолларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражаты қайтарылды,
делінген хабарда.
Бұл қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберіліпті.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейінгі 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.
Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді.