Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция кезінде екі алаяқты ұстады. Біреуінде интерполдың генерал-майор куәлігі болған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өздерін мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдары ретінде таныстырып, сан алуан мәселелерді шеше аламыз деп айтқан. Сол үшін пара беруге итермелеген. Барлық ақшаны қалтасына басқан.
Топ мүшелерінің бірі – Б.Қ. Әбдікерімов сот санкциясымен қамауға алынды. Екінші күдікті М.Ж. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді,
делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу басталды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.