Қоғам

«Қанды ісіктен қайтыс болды». Бишімбаев кінәсін мойындамайды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, ісі сотқа жолданған еді.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова оның әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып, жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Elmedia  youtube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.

Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған,

дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Сондай-ақ адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болған дейді.

Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр,

дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Айта кетейік, Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ақпарат айтқан еді.

Мәйітті жуған кісілер мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған,

деді Қайрат Нүкенов.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

15 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

22 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

22 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

22 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago