Спорт

Байқаңдар! Головкин қазақ боксшыларына бауырмал емес

Қазақстанның Олимпиада комитетіне басшылыққа Геннадий Головкин тағайындалыпты, бүгін-ертең Америкадағы тұрағын тастап Қазақстанға қайтады екен деген жаңалық желдей есіп тұр.

Бұл қалай болғаны сонда?

Жақсы спортшыларға лауазымды қызметтер беріліп жатыр, оған таң қалмаймыз.

Бірақ Қазақстанның бүтіндей олимпиадалық саласын тек қана спорттық табыстарымен көзге түскен адамның қанжығасына байлай салу – мемлекет мүддесіне атүсті қарау емес пе, деген ой тастайды журналист Бораш Кәкен.

Головкин, сөз жоқ, Қазақстанның даңқын аспанға көтере білген, кез-келген марапатқа лайық тұлға. Бірақ ол Олимпиадалық комитет сияқты аса маңызды саланы үйіріп әкете ме?

Менің күмәнім бар. Себебін айтайын. Біріншіден, Генаның ұйымдастырушылық қабілеті пәлендей жоғары емес. Оның бокстағы промоутерлік қызметі сәтті жүріп жатыр деп айту қиын. Екіншіден, Генаның адамдармен араласа білу деңгейі де шектеулі екені оның шетелдік журналистермен сұқбаттарынан анық байқалады. Интервьюлері екі-үш жаттанды сөздермен шектелетінін көріп келдік қой. Ал олимпиада комитетін ағылшын тілінде қиналмай сөйлейтін, және кез-келген шетелдік әріптестерімен еркін шүйіркелесіп, ел мүддесін қорғай алатын адам болғаны жөн. Үшіншіден, және ең бастысы, Головкиннің ұлты қазақ боксшыларға көңілі салқын тартып қалған секілді. Мәселен, ол өзінің «GGG PROMOTIONS» компаниясына бір де бір қазақты тартқан жоқ. Зілсіз айтылған бір сөзіне бола Даниярмен өштесті. Руслан Мадиевпен соттасуға дейін барды. Егер Генаның қазақ боксына жаны ашыса, өзінің жекпе-жек кештеріне тым болмаса бір-екі қазақ боксшысын қатыстырып, аттарын шығаруға неге қол ұшын бермеді? Күні ертең шексіз билікке қолын жеткізгесін қазақ спортшыларына қырыс қарайтын тағы бір министр пайда болса, тұлыпқа мөңіреген сиырдың кейпіне түсіп қалмас па екенбіз? Және де Олимпиадалық комитетке басшылықты міндетті түрде атақты спортшыға тапсыру керек болса, бар ғой бізде азаматтығын да, ұлтқа адалдығын да талай танытқан тұлғалар! Ойланайық,

дейді ол.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

12 часов ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago