Сенатор Жанболат Жөргенбаев премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында экологиялық апаттың ықтималдығы жоғары екенін ескертті.
Қонаев қаласының ағынды суларды тазарту құрылыстары 1968 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта бұл ғимараттар мен құрылыстардың барлығы 100% тозған. Қапшағайдағы және Балқаш көлінің төменгі ағысындағы су ластанса, бұл ауқымды экологиялық апатқа әкеледі. Қазіргі жағдайда Қонаев қаласының аумағында жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды,
деп жазды ол.
Оның айтуынша, осы мәселені шешу үшін мемлекет тез арада қаражат бөлуі керек