Қарағандыда қайтыс болған 2-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр

Қарағандыда қайтыс болған 2-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қарағандыда болған жағдайға байланысты, біріншіден, сәбидің ата-анасына көңіл айтамын. Қайғысына ортақтасамын. Баланың өлуінің себебі нақты анықталмаған. Сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысы бойынша асфикциядан, яғни құсудан қайтыс болды. Тергеу қазір жалғасып жатыр. Бала коронавирустан қайтыс болған жоқ,

деді Есмағамбетова.

Ол суық тиіп қайтыс болды деп хабарланған еді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде сәби өлімінің артқанын растаған еді. Биыл 9 айда сәбилердің өлім-жітімі 8,18% құрады. Өткен жылдың 9 айында нәресте өлімі 7,92% болған.

Ведомствода балалар арасында тыныс алу ағзаларының аурулары, қан және қан түзу, ас қорыту жүйелері, жарақаттар, улану мен сыртқы себептер әсері салдарынан пайда болатын ауру түрлерінің жиі кездесетіні айтылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago