Қарағандыда оқушы қыз суық тиіп қайтыс болды.
«Патриот Караганды» жазғандай, баланың температурасы көтерілген. 17 желтоқсан күні ата-анасы қызды ауруханаға апарып, мамандарға қаратқан. Дәрігерлер баланы медициналық мекемеде қалдыруға кеңес берген. Алайда анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. 8 жасар қызды үйіне алып кетіп, температурасын дәрі-дәрмек арқылы түсірген. Ал келесі күні таңертең қыз сол күйі оянбаған.
Кенеттен қайтыс болған қыздың өлімінің себебі қазір анықталып жатыр. Мектепте дезинфекция жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. Сыныптар микробтарды жою үшін жабылып, оқушылар тексерістен өтті.
Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырып жатыр. Белгілі әншілер мен қоғам белсенділері жағдайды дереу қолға алу керектігін әлеуметтік желіде жаза бастады. Айтуларынша, бұл балалар арасындағы алғашқы өлім емес. Ал бейхабар ата-аналар балаларын жаңа-жылдық іс-шараларға саспай апарып, көпшілікпен той тойлап жүр. Үкімет те үндемейді. Расымен, елімізде вирустың айтарлықтай жылдам таралып жатқаны, науқастардың саны күн санап артып жатқаны қорқынышты. Зардабын балалар да шегіп жатыр. Бұл жағдайда билік те, денсаулық ұйымдары да бір шара қабылайды деген сенімдеміз.