Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың мәйіті табылған. Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілді.
Полиция қызметкерлері жәбірленуші такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін анықтаған.
25 жастағы қала тұрғыны жолақысын төлеуге келіспей, пышақ ала жүгірген. Содан кейін күдікті сол көлікті өзі жүргізіп, ЖБИ ықшамауданына барар жолдағы теміржол өткелі маңына тастап кеткен.
Ол пышақ салғанын мойындады.
Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс қаруы ретінде пышақ тәркіленген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.