«АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі апат кезінде қаза тапқан жұмысшылар тізімі жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза тапқандардың тізімі:
1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында анасы қалды.
2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.
3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.
4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.
5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі — екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.
Еске салайық, бүгін, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде апат болып, салдарынан бес адам қаза тапты.