Қарағандыдағы төтенше жағдай:  5-ші кеншінің мәйіті табылды

Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на тиесілі Ленин атындағы шахтада газ дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде жарылыс болды.

ТЖ министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Тағы бір кенші іс-түссіз жоғалып кетті.

Алайда, біздің дереккөзіміздің мәліметіне сай, 5-ші кеншінің мәйіті табылды.

Зардап шеккен кеншілердің екеуі Шахтинск орталық ауруханасының реанимациясына, екеуі токсилогиялық бөлімшесіне жатқызылды. Ең үлкені-68 жаста болса, ең кішісі — 34-те. Олар орта және ауыр дәрежедегі жарақаттармен түскен. Сондай-ақ метанмен уланған.

Біздің ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендерге санавиация желісі арқылы нейрохирург, реаниматолог және токсиколог мамандары жіберілді. Екі жәбірленушіні тасымалдауға дайындап, Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырды.

Еске салайық, 3 қарашада таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жарылыс болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago