Categories: Шолу

Елдегі маңызды оқиғаларға шолу. 2020 жылғы 2 қараша

  1. Президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл мәлімдемесі қазіргі билікті жақтаушылар мен сыншыл аудитория арасында пікірталас тудырған резонанс оқиға болды;
  2. Тіркелмеген демократиялық партияның жетекшісі, оппозиция саясаткері Жанболат Мамай Алматының тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды. Жартылай босатуды оппозиция аудиториясы қауымдастықтың «ортақ жеңіс» ретінде бағалады;
  3. Бас прокурор өткен жылы ведомствоның күшімен ел бюджетіне 630 миллиард теңге қаражат пен мүлік қайтарылғанын айтты.
  4. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың енгізілгенін хабарлады;
  5. Өз-өзіне қол жұмсаған сержант Ербол Мұсабаланов туыстарының үндеуі БАҚ назарын қайғылы оқиғаға тағы да аудартты. Олардың айтуынша, әскери соңғы хатын жазып кеткен, онда ол өліміне бастықтардың қысымы себеп болғанын айтып, олардың аты-жөнін жазып кеткен.
  6. Оралда «өгей қызын зорлады» деп айыпталған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
  7. Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен 10 жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди ҰҚК қызметкерлерінің азаптау ісінде жәбірленуші деп танылды.
  8. Қысқы қасірет шежіресі болып саналатын «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабының жарыққа шығуы туралы хабар ерекше назар аударды.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

9 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

17 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

17 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago