Қарағандыда жедел жәрдем фельдшері укол салған тоғыз айлық сәби жансақтау бөліміне жеткізілді. Сәбидің ата-анасы кінәлілерді анықтап, жазалауды талап етті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Бұл оқиға туралы сәбидің анасы әлеуметтік желіде бөлісті. Ананың айтуынша, 8 желтоқсанда сәбиінің қызуы көтерілгендіктен олар жедео жәрдем шақырған. Фельдшер дене қызуын түсіретін инъекция салған, алайдан біраз уақыт өтер-өтпестен баланың аяғы қызарып, ісіп кеткен
Уколдан кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болды. Ешкім аллергиялық реакциясын бар-жоғын анықтау үшін алдын ала сынақ алмады. Мен де баламның бұл препаратқа аллергиясы бар-жоғын білмедім. Инъекция бөксесіне енгізілді. Содан кейін бүкіл бөксесі мен аяғы қызарып, ісіп кетті,
дейді қарағандылық тұрғын.
Оның айтуынша, қазір бала жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Сәбиде абсцесс дамып, қан құюды қажет етті. Енді сәбидің ата-анасы кінәлілерді тауып, жазалауды талап етеді.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі. Тергеу нәтижесі кейінірек белгілі болады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты және ауыр, толық ем қабылдап жатыр, болжамы қолайлы,
деді министрлікте.