Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қарағандылық құтқарушыларды басшылары қысып жатыр
Қоғам

Қарағандылық құтқарушыларды басшылары қысып жатыр

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 03.11.2023
Обновлено 03.11.2023 в 01:11
Поделиться
Поделиться

Қарағандыда Костенко шахтасындағы жарылыстан кейін апатты тоқтатуға қатысқан тау-кен саласындағы құтқарушылар мекеме басшылығынан қысым көріп жатқанын айтты, деп жазады Азаттық радиосы.

Олар 2 қараша кешке ақпарат құралдарына қызметтегі мәселелері мен шахтада көргенін айтқан кейбір құтқарушылар жұмыстан шеттетілді деп хабарлады. Тау-кен құтқарушылары ұжымының бір бөлігі билік пен жұртқа әріптестеріне қысым көрсетіп жатқанын растап, видеоүндеу жариялаған.

Қысым жасалып жатқанын төрт тау-кен құтқарушысы мен олардың кәсіподақ төрағасы айтқан.

– Біздің кәсіподақтағы адамдарды сұхбат бергені үшін қазір апатты тоқтату жұмысынан шеттетті. Қысым көрсетіп жатыр, – деді Қарағанды облысы тау-кен құтқарушылары кәсіподағының төрағасы Алексей Головчиц.

Жұмыстан шеттетілген тау-кен құтқарушыларының сөзінше, басшылық олардан БАҚ-та жарияланған сөзі үшін түсініктеме жазуды талап еткен. Құтқарушыларға барған кәсіподақ төрағасы қаладағы тау-кен құтқару қызметі филиалының аумағына өзін кіргізбей қойғанын хабарлады. Айтуынша, оқиға орнына полиция барған. Кейін олар Алексей Головчицтен Қарағандыдағы Михайлов полиция бөліміне баруды сұраған, полиция Головчицті түсініктеме жаздырып алған соң босатқан.

– Біздің жігіттер, әріптестеріміз шындықты айтты, бірақ оларды жұмыстан шеттетті. Онда бізді де шеттетіп, құтқарушы мәртебемізді алыңыздар. Біз шындық үшін күресіп жатырмыз. Олар кез келген жүрісімізге бірден түсініктеме жазуға мәжбүрлейді. Қазір апатты тоқтату жұмысы жүріп жатыр, бәріміз сонда болуымыз керек. Белгілі бір адамдарды жұмыстан шеттетсе, олардың міндеті басқалардың иығына түседі. Жұмысты бөліп алу керек, бізде адам онсыз да аз, жұмыс күші жетпейді, – деді тағы бір тау-кен құтқарушысы видеоүндеуде.

Полиция департаменті тау-кен құтқарушылары жұмыс істейтін мекемеге полиция қызметкері шақырылғанын айтты. Бірақ бұл жағдай жөнінде толық есеп беруден бас тартты.

2 қарашада кешке «Апат кезіндегі кәсіби әскерилендірілген құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының» ресми телеграм-арнасы Костенко шахтасындағы апатты тоқтату жұмысы аяқталайын деп қалғанын хабарлады. Одан бөлек Қарағанды филиалының Шахтинск отряды қызметтен шеттетілгені айтылды. Кәсіпорын тау-кен құтқарушыларын жұмыстан шеттету себебін нақты айтпады.

Осы аптада таяуда жұмыстан шыққан тау-кен құтқарушылары мен тау-кен құтқарушылары кәсіподағының төрағасы Қарағандыда баспасөз мәслихатын өткізіп, жұмысындағы мәселелер жөнінде, жалақының аздығын, құрал-жабдықтар ескіргенін, мемлекеттік қаржыландыру қажет екенін айтқан.

Тау-кен құтқарушылары мәселелерін көпшілікке жариялаған соң олардың басшысы – «Апат кезіндегі кәсіби әскерилендірілген құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» серіктестігінің Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский видеоүндеу жариялады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасаған қызметкерлерді сынап, «жекелеген жұмысшылар бұрынғы қызметкерлерімізбен бірге мұндай қиын уақытта орынсыз сұрақтар қою керек деп есептейді» деп мәлімдеді. Ол «апатты тоқтату жұмысын аяқтап, содан кейін ғана асықпай мәселені талқылап, оларды шешу жолын табу керек» дейді.

«Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігі БАҚ-қа шыққан тау-кен құтқарушылары заңсыз әрекет жасаған жоқ деп есептейді. Азаттыққа берген жауабында құқық қорғаушы және қоғамдық бірлестік мүшесі Наталья Томилова «тау-кен құтқарушыларының үнін өшіруге ешқандай заңды негіз жоқ» деп мәлімдеді.

28 қазанға қараған түні Костенко шахтасында жарылыс болып, өрт шыққан. Шахтадағы жұмысшылардың басым бөлігі — жер астында 252 адам болған — сыртқа шығып үлгерген. Апаттан 46 адам қаза тапты.

ТЕГи: Қазақстан, Қарағанды
Арман Ерғалиев 03.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?