Categories: Денсаулық

Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният

Қарағандыда балалардың жаппай улануының себебін анықтау үшін анализ алынып, алдын ала нәтижесі белгілі болды.

Дәрігерлер балалардың жағдайын тексеру барысында тағы 2 бала іші ауырғанын айтты. Олар ауруханаға жеткізілді, мамандардың бақылауында. Балалар улануының ауырлығы интоксикация және тыныс алудың жеткіліксіздігімен байланысты. Осы орайда зардап шеккен кейбір балалардың жағдайы өте ауыр болып тұр. Дәрігерлер ауру салдарымен күресіп жатыр,

деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір бүкіл қажет талдаулар алынып жатыр. 

Алдын ала болжам бойынша, тағам токсикоинфекциясы диагнозы күмән тудырады. Осыған дейінгі бақылау барысы көрсеткендей ішек инфекциясына ұқсамайды. Ол бойынша алдын ала анализ нәтижесі теріс. Қазір анализдер нақтыланып жатыр,

дейді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан 12 мүгедектігі бар бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

Оның ішінде 2009 жылы туған бала қайтыс болды.

1 тамызда медициналық көмек көрсету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы 2 бала келіп түсті.

Осылайша қазіргі уақытта ауруханада 13 мүгедектігі бар бала ем қабылдап жатыр.

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago