Categories: Қоғам

Қарақұрым халық. Қапшағайда демалу қиын

Қапшағайға екі күнде салып ұрып 40 мың адам келе салды.

Демалушылардың сау етіп жаппай келуіне шілденің ыстығы себеп. Өткен демалыс күндері қаладағы жағажайлар мен демалыс орындары адамға лық толды, дейді zakon.kz.

Содан су жағасында ине шаншар жер болмады.

Бірнеше апта бұрын бронь беріп қояды. Тапсырыстың көбі демалыс күндеріне, яғни сенбі мен жексенбіге беріледі. Жұмыс күндері әрең болса да орын табуға болады, бірақ негізінен орынның бәрі брондалған. Туристердің көпшілігі Алматы және Алматы облысындағы көршілес аудандардан келеді, дейді

демалыс аймағының иесі Николай Чалов.

Қонаев қаласы әкімдігінің шамалауынша, өткен демалыс күндері көлге 40 мың адам келген. Жалпы биыл 1 млн 200 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Қазір Қапшағай жағалауында 140 демалыс орны бар.

Өткен демалыс күндері Қонаев-Алматы тас жолындағы бірталай шақырымға созылған көлік кептелісінің видеосы тараған.

Құмырсқаша қаптаған туристердің көптігінен қаланың коммуналдық қызметтері күніне 15 тоннаға дейін қоқыс шығаруға мәжбүр.

Әдетте Алматыдан Қонаевқа жету үшін жарты сағат уақыт кетеді. Бірақ өткен жексенбі үйге жету көп алматылықтың арманына айналды. Кейбірі үйлеріне түн жарымда бір-ақ жетіпті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, Алматы — Қонаев тас жолында Бақанас жолайрығынан Первомайкадағы көпірге дейін 70 шақырымдық кептеліс пайда болған.

«Қазавтожол» мамандары 16 шілдеде Қонаевтан Алматыға қарай 32 456 машина жүргенін хабарлады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago