Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда «Қара шапан» ерекше арт-нысаны орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қара шапан» мүсінін қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаев жасады. Үш метрлік шапан күйдірілген металдан өріліп жасалған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.
Автордың айтуынша, бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан — мәдени код. Ол қазақ және Орталық Азия мәдениетіне бағыттайды, онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара түсіністік символы ретінде шапанмен алмасқан.
Алматы әкімдігінің қолдауымен суретшінің шығармашылық идеясын жүзеге асыруға меценаттар көмектескен.
Қаланың жаңа арт-нысанын Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан көруге болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…