Categories: Оқиға

Гүлмира Сатыбалды Тұрсын Алагөзовке 6,5 млрд теңге өтемақы төлейтін болды

Бүгін жеті жылға сотталған Гүлмира Сатыбалды «бизнесімді тартып алды» деген кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке 6 млрд 584 млн теңге өтемақы төлейтін болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сотта жәбірленуші кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жауап беріп, Гүлмира Сатыбалды мен мен оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалдының қалай қоқан-лоқы көрсеткенін айтып берген еді.

Тұрсынғали Алагөзовті рейдерлік басып алу бірінші әйелі Лайсира Маратпен ажырасу кезінде басталған. Дәл сол кезеңде ерлі-зайыптылар арасында акцияны бөлу жұмыстары жүріп жатқан.

Мен өз бизнесімнен шеттетілдім, рейдерлік фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Сондай-ақ, мені GALANZ Bottlers АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына қалпына келтіру үшін заң компаниясына жүгінуге мәжбүр болдым. 1,5 жылға созылған рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компанияның заңгерлері маған мүлікті бөлу қаупін болдырмау үшін сенімді адамдарыма қалған 43,25% акцияны қайта жазуды ұсынды,

деді Тұрсын Алагөзов.

Кәсіпкердің айтуынша, ол өз акцияларын екі заңгер — Бердіқұлов пен Рифшановқа тиісінше 3% және 40,25% аударған. Алайда Қайрат Сатыбалды құнды қағаздарды заңыз жолмен иеленуге әрекеттенген.

2018 жылдың күзінде маған Бердіқұлов қоңырау шалды. Ол Қайрат Сатыбалдының хабарласып, Рифшанов екеуіне акцияны түгел Гүлмира Сатыбалдыға тапсыруды талап еткен,

деді Тұрсын Алагөзов.

Кәсіпкердің айтуынша, ол Гүлмира Сатыбалдыға акцияны бөлісу бұрынғы жұбайы екеуінің арасындағы ғана мәселе екенін айтыпты. Бірақ, ол қоқан-лоқы көрсетуін доғармағанын айтады. Ақыры Алагөзов заңгерлердің өз акцияларын Гүлмира Сатыбалдының атына жазуына келісім берген. Тапсыру сату-сатып алу рәсімі арқылы жүзеге асырылған. Онда бір акцияның құны 1 теңгемен белгіленген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

5 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

13 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

13 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago