Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Қара жорға биі»: Қазақтікі ме, қалмақтікі ме?!
Қоғам

«Қара жорға биі»: Қазақтікі ме, қалмақтікі ме?!

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 13.04.2023
Обновлено 13.04.2023 в 02:04
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Идеологиялық шектеуден құтылып, Той бизнесі Шоу бизнесін шаң қаптырған қазақ жұрты қандастар қайта жаңғыртқан «Қара жорға биін» әлі де жатсынып келеді екен. Зерттеушілердің тарихи деректермен «Қара жорғаның» «ер қанаты – ат» деп санайтын ұлтымыздың көшпенді өмірінен туған төл өнері екенін дәлелдегеніне қарамастан, «Жиһангез Марко Поло естелігінде жазып та, Затаевич ол туралы бір ауыз айтып па?!» деп тапа тал түсте шалықтайтындар да бар екен. «Қара жорғаның» қазақтікі емес, қалмақтікі екеніне Моңғолия мен қытайдан келген қазақтарды куәлікке тартатындар да шығыпты, деп жазады Abai.kz.

Кәсіби биші Перизат Омарова фейсбук парақшасында Моңғол елінен келген таныстарының «Қара жорға биін» қалмақтікі дегенін жазыпты. Оған үн қосқан журналист Ержан Әбдраман да: «Қара жорға – қазақтың биі емес» депті.

Мұны естіп есіме ауылдағы Жақаш әкеміз түсіп отыр. Жақаш аға біраз жыл бұрын дүниеден өтті. Иманды болсын, жақсы адам еді. Со жолы ма бір сұрағанымда, қалмақ биін Қытайда жүргенде көрші ауылға той-томалаққа барып сондағы «қалмақтардан» үйренгенін айтты» деп, бұрынғы жазбасын қайта салыпты. Оған әріптесі Нұртай Лақан алдымен: «Қалмақияда «қаражорғаны» ұлттық би ретінде билеп жүрген қалмақтар бар ма екен? Ендігі бір рет «Бұл біздің ұлттық би» деп шығатын еді ғой» деп сұрақ қойып, артынан: «Іш пысқанда Шыңғысхан мен Қаражорғаны талғажау ете беретін болдық қой» деп әзілдепті.

Бізде көңілдегі күдікті сейілту үшін Шынжаңның Моңғұлкүре ауданында туылып, қазіргі күні Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінде солис болып жүрген кәсіби биші Ернұр Қарқболұлының пікірін білуді жөн санадық.

Моңғұлкүре ауданы Біздің Нарынқол ауданымен шекаралас. Мұнда 19-ғасырда салынған Моңғолдардың үлкен бұтханасы бар. Аудан аты соған байланысты қойылған. Ауданда «Сағанусұн» моңғол автономиялы ауылы бар. Аудандағы мәдениет орталығында Моңғолдардың да әнші-биші өнерпаздары өнер көрсетеді. Ернұр жастайынан биге әуестеніп, сол ортада өсіп, әр ұлттың биіне қаныққан. Көркемөнер иниститутында оқығанда да, Іле қазақ автономиялы облысының ансамбілінде жұмыс істегенде де, әр ұлт өкілдерінің өнерпаздары қатысатын облыстық, райондық, мемлекеттік дейгейдегі мәдени шараларда моңғол бишілерімен бірге жүрген, өнер көрсеткен. Біздің оған таңдауымыздың түсу себебі де сондықтан. Сырт көзбен тон пішкеннен гөрі Моңғол биінің ерекшелігін, өзіндік бөгенайын бір кісідей біледі.

«Қара жорға – қалмақтікі» деген даудан шаршағаным сонша, қазір, тіпті назар аудармайтын болдым,

деді Ернұр.

Бұл даудың бәрі биге деген кәсіби көзқарастың таяздығынан. Қалмақ биі мен Қара жорға биінің айырмашылығына тоқталайық. Қара жорға биі қазақтың «62 қоңыр» атанған күйлері сияқты 62 тамыр иіп орындалады. Ал қалмақ биінде белден жоғары буындар қозғалады, қолды сыртқа серпіп билейді. Ал қара жорғада қол «қошқар мүйізі» сияқты ішке қайырылып, буын-буындар қозғалысқа келеді.

Гостролдық сапарлармен талай елді аралаған талантты биші Башқұрттарда да, хакастарда да, қырғыздарда да қара жорға сияқты би қимылдарының бар екенін көргенін айтады. Оның себебін Еуразия даласын ен жайлаған киіз туырлықты, ат жалында ойнаған көшпелі халықтардың тұрмыс әдетінің ұқсастығынан туындаған деп түсіндіреді. Көшпенді халықтардың би өнері де тарихы сияқты бір жүйеге түссе дау-дамай өз-өзінен тиылады.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Қара жорға, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 13.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?