Ирандық, Пакістандық, Ауғандық, Ирақтық, Сириялық, Египеттік, Тунистік, Алжирлік, Ливиялық, Марокколық, Ливандық халықтар түгелдей тарихта араб емес болатын, қазір толық, не жартылай араб болып кетті. Тарихтағы даңқы мен жоғары өркениетіне қарамастан, бұлар қазір басынан бағы тайған, сорлаған мешеу елдер. Олар араб болудың жамандық екенін толық дәлелдеді, деп жазды Аbdulla_kz парақшасы.
Түркия Ататүріктің арқасында араб болудан құтылып, өркениетті ел құра алды. Бірақ араб етуге жанталас әлі жалғасуда.
Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Татар, Әзербайжан, Ұйғыр ұлттары ежелгі Ғұн, Сақ, Түрік ұрпақтары болып, арабпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мүлде бөлек тектен еді.
300 жылдық орыс отаршылдығы себебінен олардың араб болуы біршама кешікті.
Ал тәуелсіз елдер құрылған кезде орайды пайдаланып лап қойған жалдамалы жанкешті У ағызшылар арабқа айналдыру процессін шұғыл бастап кеп жіберді.
Олар ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды түгел жамандыққа балап, араби құндылықтарды тұс-тұстан тықпалап, арабқұлдықты әтуарлап, орыстандыру процессінің орнын арабизацияға тез алмастырғысы келіп жінікті.
Исламмен араб болып жоқ болып кеткен өркениеттер:
- Ең ежелгі өркениеттің бесігі болған Ирандық парсылыр араб емес еді, исламмен танысқалы арабқа айналды.
- Пакистандықтар, Ауғандықтар — Араб емес — арабқа айналды.
- Ирактықтар — Арап емес, ескі Шумерлердің, Ассириялықтардың, Вавилондықтардың ұрпағы — арабқа айналды,
- Сириялықтар арабқа айналды.
- Египеттіктер Араб емес Ежелгі Антикалық Египет мәдениетінің мұрагерлері, араб болып кетті.
- Түркия Мустафа Кемаль Ататүріктің арқасында араб болудан құтылған еді, бірақ тап қазір арабқа айналуда.
- Тунис Араб емес, ежелгі Карфаген атақты қолбасшы Ганибалдың ұрпақтары — Арабқа айналды.
- Алжирліктер, Ливиялықтар, Мароккандықтар — Араб емес Туарег немесе Берберліктер болатын, Арабқа айналып шыға келді.
- Ливан — Араб емес, тарихтегі ең мықты теңізші болған Финикиялықтардың ұрпақтары, Араб болып ассимиляцияға ұшырады.
- Босниялықтар — араб емес, исламды қабылдаған Сербтар, арабқа айналды.
Қазақтардың ежелгі аталары Көк Түріктер, сақтар, ғұндар да араб емес еді. Арабқа айналу процессі басталып кетті…