Қоғам

Арабқұл, қазаққұл сөздерді қотарып сіміргіш болып барамыз-ау

Байқайсыз ба? Барған сайын ойымыз тарылып барады. Бүгінді ғана ойлаймыз.

Қарынның я қалтаның топайғанымен ғана өлшейміз. Тар ойлансақ, ертеңді көрмейміз. Асығамыз. Артық уәде береміз. Тез табыстың тұтқыны боламыз.

Тар ой пара алдырады. Тойымсыз етеді. Тар ой өтірік айтқызады. Қалауды қоздырады. Опық жегізеді.

Бір күндік іс қызық келеді. Тартымды болады. Соданда сұранысқа ие болады.

Ертең үшін еңбектену ауыр іс. Іш пыстырады. Қызық емес. Содан да сұраныста емес.

Болашақ өмір  сапасы – бүгінгі ой сапасынан. Ал кең ойлансақ, алысқа барамыз. Ұзаққа қарасақ, тұзаққа түспейміз.

Болашақты барлап барып бүгінмен әрекет етсек – өкінбейміз.

Оқу бұйырған педагогика ғылым да, менеджмент те осыны дәріптеді.

Бір емес, бірнеше ұрпақ үшін ойлануға шақырды. Ертең жеміс беретін тал егуді үйретті.

Біз бүгін саясында жатқан талай тал кеше кең ойлаған ұрпақпен егілді. Қызығын өзің көрмейтінін біле тұра, іс істеу – көргендік. Ал бізден кейінгі ұрпаққа не көлеңке болмақ?

«Көп айтса көнді, жұрт айтса болды»,-деуші еді ғой Абай.

Қазір көбіміз біреудің әдейілеп, шаблондап қойған, тар әрі мән-мағынасыз нәрселерді сүйіп талқылағыш боп кеткен секілдіміз. Арабқұл, қазаққұл, Ыбырай-сұмырай деген секілді қыршыңқы, қисық, қате сөздерді көтеріп әкетіп, қотарып сіміргіш болып барамыз-ау…

Ұлты, қазақты, мемлекетті ойлаймын деп өзімізге де өзгеге де өтірік айтпай, таза ойланып,(идеямызға) шын илана алсақ екен.

Ой ойласаң, кең ойла, алды, артын тең ойла!

Пікір авторы: Ескендір Бестай.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago