«Қарапайым халыққа обал». Асаба тойға ақша әкелмеуді ұсынды

Алматылық асаба Асхат Қылышбек қазақтың тойы қып-қызыл шығынға айналып бара жатқанын айтып, осыған қатысты өзінің ұсынысын айтты.

Ол тойға келген қонақтар ештеңе әкелмей, тек демалып, ойнап-күліп қайтса дейді.

«Тойға қонақтар ештеңе әкелмесе, шіркін… Шамасы жеткендер той жасап, дастарқан жайсын жақындарына. Батасын алсын! Сауабын алсын! Ақшасын емес… Ол ақша бәрібір той иесіне де пайда емес, ресторанды жабуға жетсе жақсы. (Қазір Алматыда адам басына 15 000-нан кем тойхана жоқ. Жұбымен барған қонақ 30 мыңнан кем апарса ұят. Ал айлығы 100-200 мың тг. Айына 10 той шақырады жазда көресің! Үйіне не қалды сонда?) Жарайды, үйлену тойға жас отауға көмек ретінде берсін аямай сыйлық. (Қаржылай) Мейлі, сүндет тойға да… Басқа тойларға қонақтар тегін келіп, демалып қайтса ғой. Сонда ресторан қожайыны мен әртістерді асырайтын қаптаған тойлар азаяр ма еді дейді бір ойым. Бәлкім, ел қолдап кетер. Әйтпесе, 20, 30, 40 жас той не керек? Тойдың түр-түрі бар қазір. (Мысығының туған күніне де той жасағанды көрдік қой желіден.) Қарапайым халыққа обал, шынында», — дейді асаба.

Оның бұл ұсынысын қолдап жатқандар көп. Мәселен, жазушы, баспагер Арман Әлменбет «Кеше бір тойға бардық. Компанияның наурызы. Ұйымдастырып жатқан компания басшылары, қонақтар — қызметкерлер. Шын той енді. Той деген осындай болуы керек қой, қонақтардың бәрі қуанып келіпті деді бір жігіт. Сосын ойладым не ерекшелігі бар деп. Сөйтсем, біріншіден, ешкім тост айтпайды екен. Екіншіден, келген адамдар сыйлық әкелген жоқ. Оған тыйым салыныпты. Сосын ең қызығы, сыйлықты компания басшылары қызметкерлерге жасады. Жыл бойы жақсы жұмыс істеген адамдарға қаржылай сыйлық берді. Кейбір кісілерге Антальяға демалуға жолдама берді. Алғандар да мәз, алмағандар да келесі жылы аламыз-ау деп мәз. Яғни, сыйлық беру мен тост айту — мойындағы бір міндет болып тұр қазір. Сол шаршатады» деп пікір білдірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago