Categories: Денсаулық

«Даун синдромы бар» Барби қуыршағы сатылымға шықты

Дүниежүзі бойынаш Даун синдромы бар миллиондаған балалар үшін өзін тануға көмектесетін Барби қуыршағы сатылымға шығады.

Еuronews агенттігінің хабарлауынша, америкалық Mattel компаниясы ұсынған Барбидің бұл нұсқасы балаларды адамның көптеген ерекшелігімен таныстыруға арналған Fashionistas желісін толықтыра түспек.

Біз айналамыздағы әлемнің алуан түрлілігін жақсырақ жеткізетін Даун синдромы бар Барби қуыршағын шығаратынымызды мақтан тұтамыз,

деді компанияның вице-президенті Лиза МакНайт.

Қуыршақ медицина мамандарымен бірлесіп жасалған. Қуыршақтың беті дөңгелек пішінді жәнет көзі сәл қиғаш бадам тәрізді етіп жасалған.

Бұған дейін Barbie Fashionistas желісінде аяғы протезделген қуыршақ, есту аппараты бар қыз, мүгедектер арбасындағы Барби және терінің кейбір аумағын пигментсіз қалдыратын витилиго ауруы бейнеленген қуыршақтар шығарылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago