Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (COMNEBOL) Аргентина құрама командасының ойыншыларына Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 млн доллар көлемінде чек сыйлады.
Бұл туралы COMNEBOL президенті Алехандро Домингес Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Жүлде сертификаты финалдан кейін Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде табыс етілді.

Айта кетсек, кеше Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңген еді.
