Мойындалмаған Таулы Қарабақ үшін қақтығыстар қайтадан басталды.
Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, шекарадағы жағдай шиеленісіп жатыр.
13 қыркүйек күні сағат 00.05-те Әзірбайжан қарулы күштері Горис, Сотк және Жермук қалаларының бағытында қарқынды оқ жаудырды. Қарсылас артиллерия, миномет, пилотсыз ұшақтар мен ірі калибрлі атыс қаруын қолданған,
делінген хабарламада.
12 қыркүйекке қараған түні Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкесан, Калбажар және Лачын бағыттарында ауқымды диверсиялық әрекет жасады. Армения қарулы күштерінің диверсиялық топтары облыстар арасындағы аумақтар мен жабдықтау жолдарын миналады. Әзірбайжан армиясы бөлімшелерінің түнгі уақытта таулы жерді және бар сайларды пайдалана отырып, әртүрлі бағыттағы позицияларын жауып тастады.
Қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қазіргі таңда олардың саны нақтылануда.